• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қараша, 2024

Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

38 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін жол жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 27 қарашада сағат 08:00–да Ақтөбе облысында 89 км автожолда орналасқан теміржол өткеліндегі рельстерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жасалады. Осыған байланысты «Қарабұтақ — Комсомольский — Денисовка — Рудный — Қостанай» автожолының 83-198 шақырым аралығында (Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары 27 қараша сағат 14:00–де аяқталып, жол ашылады деп жоспарланған.