Еңбек 27 Қараша, 2024

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды

123 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ел азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, қазан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген.

«Еңбек министрлігінің басшылығы өзгеріп, келісімді бекіту процесі сәл кешіктірілді. Ол  Оңтүстік Кореяға мақұлдануға жіберілді», деді Жақыпова Мәжіліс алаңында.

Министр атап өткендей, келісім осы жылдың соңына дейін қабылданады.