• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 12:46

+7: Қазақстан мен Ресей телефон кодын бірлесіп қолдануға келісті

59 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталды: 

Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын; Ресей Федерациясы +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтарын пайдаланады. 

Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады. 

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.

Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық мәселелер туындайтыны анықталды.

Сонымен қатар отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.

Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.