2025 жылдың төртінші тоқсанында Қырғызстанда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі отырысын 2025 жылдың төртінші тоқсанында Қырғыз Республикасында өткізу ұсынылып отыр. Қарсылықтар болмаған жағдайда, бұл мәселені келісілген деп есептеп, тиісті хаттамалық шешіммен рәсімдеуді ұсынамын. Ешқандай қарсылық жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңейтілген құрамдағы сессиясында.
Бұған дейін ол Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында ынтымақтастықтың жарғылық бағыттары бойынша 60-қа жуық іс-шара өткенін хабарлады.