• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 09:50

Дауыспен ақша аудару мүмкіндігі

36 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта дауыспен ақша аударуға болады. «Halyk Bank» ақша аударымдарын дауыспен жүзеге асыратын функция ұсынбақ. Бұл туралы банк төрағасының IT және инновациялар жөніндегі орынбасары Андрей Заварзин хабарлады.

Әлемде дауыспен ақ­ша бас­қару мен төлем технологиялары қарқынды дамып келеді. Осы технологиялар мобильді банк қызметтерінен бастап, ақыл­ды құрылғыларға дейін әр­түрлі салаларда қолданылып жүр. Қазірдің өзінде «Apple Siri», «Amazon Alexa», «Google As­sistant» сияқты виртуал­ды көмекшілер шоттарды тө­леу, қаражатты аудару, қаржы­лық кеңестер беру сияқ­­ты қызмет­терді дауыспен бас­қарады. Мысалы, «Royal Bank of Canada» мен «Barclays» сияқты банктер қаржы үдеріс­теріне енгізген. Жоғарыда айт­қанымыздай, мұ­ның ауылы бізден де алыс емес. Енді бізде банк қосым­шасындағы дауыстық бас­қару жасанды интеллект басқа­руы­мен жұмыс істейтін болады. Мамандар қазірдің өзінде үлкен тілдік модельдердің белсенді тесттер сериясына көшті.

– Мысалы, сіз жай ғана қо­сымшаға кіріп, «10 000 теңге Айжанға аударылсын» десеңіз, жүйе барлық Айжан атты контактілерді сізге ұсынады. Сіз аударым жасау керек біре­уін таңдайсыз. Біз бұл мүмкін­дік­ті «Halyk SuperApp»-та жүзе­ге асырғымыз келеді. Жүйе тіп­ті пайдаланушының деректері­­нен үйреніп, белгілі бір жазылым­ға немесе қызметке ақы тө­леу­дің уақыты келгенін түсінеді. Адамды қажетсіз әрекеттерді жасауға мәжбүр етпестен өз бе­тінше жасауды ұсынады. Сон­­дай-ақ біз жеке қаржылық жос­парлауды қосамыз, осылай­ша әркім өз шығындарының аналитикасын көреді, – дейді А.Заварзин.

Әлбетте, бұл технологиялар қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақыт үнемдейді. Бірақ оны жаппай қабылдамас бұрын, қауіпсіздік пен сенімділікке сақ болу қажет. Себебі қауіпсіздік мәселесі, тілдік ерекшеліктерді түсінудегі қиындықтар, «POS» құрылғыларымен үйлесім­ді­лік мәселелерінен айналып кете алмаймыз. Бірақ IT құрылғы­ларының таралуы мен жасанды интеллектінің дамуы арқасында бұл технологияның болашағы зор болуы мүмкін.