«Қазгидромет» мамандары 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында да тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының оңтүстік-шығысынан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Болжамға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.