Шахмат 29 Қараша, 2024

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

112 рет
көрсетілді

Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті.

Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған.