• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:35

Балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

39 рет
көрсетілді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ата-аналарға 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ұсынысқа балалардың қатысуымен болған қайғылы өрт оқиғалары себеп болған. Зәкиеваның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 15 өрт болып, балалар көз жұмған. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар балалар үйде жалғыз қалған кезде болған.

«Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Әрине, сонымен бірге қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», деп жазды Динара Зәкиева Instagram желісінде.