Аталған құрылым биыл 24 қарашада Кали қаласында құрылған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Федерацияға мүшелікке Колумбия, Бразилия, Мексика, Эквадор, Аргентина, Чили, Гватемала, Панама, Венесуэла елдері ниет білдірсе, Федерация Президенті болып Oscar Fajardo, Бас хатшысы болып German Gonzalez сайланған.
Осылайша, тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейдегі танымалдылығы артып келе жатқаны тағы бір мәрте дәлелденді.
«Тоғызқұмалақтың басқа континенттерде, соның ішінде Латын Америкасында таралуы – ұлттық ойынымыздың үлкен жетістігі әрі қазақ мәдениетінің танымалдылығының артуының айқын белгісі», деп жазды ulttyqatsport.kz.
Бұл – тоғызқұмалақ ойынының халықаралық деңгейде дамуына әрі әртүрлі елдер арасында мәдени байланыстардың нығаюына мүмкіндік береді.