• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Желтоқсан, 2024

Токиода қосалқы құрамдағылар күреседі

39 рет
көрсетілді

Дзюдодан биылғы маусымның ең соңғы жарысы 7-8 желтоқсан аралығында Токиода өтеді. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстан еліміздің беткеұстар балуандарының барлығы да босатылды. Олардың орнын қосалқы құрамдағы спортшылар басты.

Еліміздің ерлер құ­ра­масының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Жапония астанасындағы жарыста Дәурен Сүйекенов пен Шерзад Давлатов (60 кг), Ба­қытжан Әбдірахманов (66 кг), Жалғас Қайролла (73 кг), Мак­сим Мейірлан (81 кг), Әділет Сапарғалиев (+100 кг) сынды сайып­қырандарға сенім артып отыр. Олардың барлығы да бұған дейін биік белестерді бағындырмаған дарынды жастар. Сондықтан да Токио татамиінде бұл балуандардың ең болмағанда біреуі жеңіс тұғырына көтерілсе, соның өзі үлкен жетістікке баланатыны хақ.

Әйелдер арасында да тек елі­шілік жарыстарда жүлде алып жүрген дзюдошылар белдесуге шығады. Бұл ретте бас бапкер Ерлан Алпысбаевтың таң­дауы Толғанай Әбеуова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Сама­лай Ерғалиева (63 кг) , Назгүл Маратова мен Карина Тәкиеваға (+78 кг) түсті. Негізі осы додада мықты балуандарымыздың бірі, Азия ойындары мен құрлық чем­пионатының қола жүлдегері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасына қатысушы Есмигүл Куюлова (63 кг) күш сынасуға тиіс еді. Бірақ соңғы сәтте оның Күншығыс еліне бармайтыны белгілі болды.