• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2024

Ақтөбе облысында 87 жұмысшы жалақысын ала алмай жүрген

60 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы Темір аудандық прокуратурасы «Шұбарқұдық жылу» КМК-нің 87 жұмысшысына 8,5 млн теңгеден астам жалақы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның қадағалау актісімен еңбек инспекциясы «Шұбарқұдық жылу» КМК-ын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, берешекті міндетті түрде өтеу туралы ұйғарым шығарған.

«Нәтижесінде көрсетілген берешек толығымен өтелді. Жағдай облыстық прокуратураның бақылауына алынған», делінген хабарламада.