• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2024

Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті

56 рет
көрсетілді

Павлодар облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

- Mazda көлігінің жүргізушісі Академик Сәтбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кетті. Апат салдарынан балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Көлік айыптұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, сүйектері сынған 2008 жылы туған ұл бала ауруханаға жатқызылған.

Ал қыз бала тексеруден өтіп жатыр.