Бокс 04 Желтоқсан, 2024

Алғашқы сәтсіздік

41 рет
көрсетілді

Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші күні еліміздің қос бұрымдысы – Алуа Балқыбекова мен Ұлжан Сәрсен­бек шаршы алаңға шығуға тиіс еді.

50 кг салмақтағы Алуа – осы жарыстың басты фавориттерінің бірі. 28 жастағы боксшы осыған дейін әлем чемпионатында бір күміс, бір қола медальді олжалап, құрлықтың екі дүркін чемпионы атанды. Бұл жолы дүниежүзілік додада екі рет үздік үштікті түйіндеп, Азия ойындарының финалында өнер көрсеткен таиландтық Чутхамат Раксатпен қолғап түйістіруге тиіс еді. Алайда сын сағатта А.Балқыбекованың денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер оған рингке көтерілуге рұқсат бермеді. Еліміздің бокс федерациясы таратқан мәліметке сенсек, Алуа «орташа дә­ре­жедегі ішек синдромы» дертіне шал­дыққан. Ал 57 кг салмақтағы жас­тар арасындағы әлем біріншілігінің жеңім­пазы Ұлжан Сәрсенбек украиналық Карина Вовктан басым түсіп, ширек финалға шықты.

Кеше әлем чемпионы Махмұд Сабырхан (54 кг) тайпейлік Ян Лин Лай­мен (Тайпей) жұдырықтасты. Милана Сафронованың (67 кг) да жолы дәл сол елдің өкілі Мин Лимен қиысты. Аида Әбікеева (63 кг) өзбекстандық Диль­фуза Бековамен айқасты. Бүгін тағы төрт жерлесіміз жекпе-жекке шығады. Атап айтсақ, Әйгерім Сәтті­баева (48 кг) филип­пиндік Магно Офелиямен, Сымбат Әлиасқар (54 кг) қы­тайлық Венькян Хумен, Диас Мол­жігітов (75 кг) жапониялық Дайго Сунагамен, Абылайхан Жүсіпов (71 кг) тү­рікменстандық Байрамдұрды Нұрмұ­хаммедовпен күш сынасады.