Ыстанбұл соты форум кезінде Президент Режеп Тайип Ердоғанның сөзін бөлген тоғыз адамды қамауға алуды бұйырды. Олар биліктің Израильге қатысты саясатына наразылық білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz Anka агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, өткен аптада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған TRT World медиа-форумында сөз сөйледі. Форум барысында бірнеше адам оның сөзін бөліп, түрік үкіметін Израильге мұнай экспортын тоқтатпағаны үшін сынға алған. Сондай-ақ «геноцидті ушықтыруды тоқтат» деп ұрандатқан.
Кейіннен осы наразылыққа қатысқан, сондай-ақ жиналыстар мен демонстрациялар туралы заңды бұзғаны үшін тоғыз адам ұсталып, қамауға алынған.
Түрік оппозициясы биліктің бұл шешімін демократия мен сөз бостандығы принциптеріне жасалған шабуыл деп бағалап, сынға алған.