Спорт 04 Желтоқсан, 2024

Отандасымыз Азия-Тынық мұхиты ойындарында күміс жүлдегер атанды

113 рет
көрсетілді

Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынан мәлім болды, хабарлайды Egemen.kz. 

Малайзияның бас қаласы Куала-Лумпурде өтіп жатқан додада Яна Сибирякова жеңіл атлетикада үш қарғып секіруден 10 м 73 см нәтижесімен күміс медаль жеңіп алды.

Командалық 4х400 м эстафетада сайысқан Даниил Щелоков, Галина Алексеева, Рауан Бейсебай және София Колосова күміс жүлдегер атанды.