Бүгін Таиланда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Ол Малайзия боксшысын әр раундта нокдаунға жіберіп, төреші есеп ашып отырды. Мұхаммад Арифф Айман техникалық шеберлігі толыспағанмен әрдайым алға ұмтылып жүрді. 67 келіде Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бекбауов жарқын өнер көрсетті.
Шаршы алаңдағы төреші жекпе-жекті 3 раундта мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.