• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2024

Оңтүстік Кореяда 30 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар - министрлік

128 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореядағы ел азаматтарының жағдайы мен олардың құқықтарын қорғау шараларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының дипломатиясы мен сыртқы саясаты ешқашан үшінші мемлекеттердің ісіне араласпайды. Оңтүстік Кореяда болып жатқанның бәрі Оңтүстік Кореяның мәселесі», деді Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің басты міндеті - Қазақстаннан тыс жерде, атап айтқанда Оңтүстік Кореяда жүрген азаматтардың құқықтарын барынша қамтамасыз ету.

«Оңтүстік Кореяда болып жатқан жағдайға қарамастан, Қазақстан азаматтары елшілікке хабарласпады. Олар көмек сұрап хабарласып жатса, әрине, елшілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қазір Оңтүстік Кореяда әртүрлі мақсатпен 30 мыңнан Қазақстан азаматтары тұрып жатыр. Ел азаматтарының Кореяда көп болуының бір себебі – визасыз режим», деді Ә.Бақаев.

Ол Израиль мен Украинадағы қақтығыстар жағдайында ел азаматтарын Мемлекет өздері үшін ұйымдастырған ұшақтармен отанына жеткізгенін еске салды. Бақаевтың айтуынша, Оңтүстік Корея жағдайында мұндай қажеттілік жоқ.