Ауыл тұрғындары үшін елдің шалғай аудандарында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) белсенді жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің сандық дерегінше биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) арқылы 656 мың диагностикалық зерттеу, бейінді мамандардың 1,3 млн консультациясы, 332,8 мың зертханалық зерттеу жүргізілген. Әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталған, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Профилактикалық тексерудің қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны динамикалық бақылауға алынған.