5 желтоқсан күні Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалдық кезеңдері басталады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс бәсекелерінің бұл сынында 6 қазақ боксшысы бақ сынайды.
57 келіде Оразбек Асылқұлов жергілікті боксшысы Чужан-Ат-Пуануватпен жұдырықтасса, 77 келіде Жексен Бибарыс тәжікстандық Убайдов Акмальмен қолғап түйістіреді. 80 келіде Жақпеков Ерасыл қырғыз боксшысы Сатыбалдыұлы Сағынға қарсы рингке көтеріледі.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан 52 келіде Орақбаева Жазира тайпейлік Луо-Ю-Тингпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. 57 келіде Сәрсенбек Ұлжан Вьетнам спортшысынан айласын асыруға ұмтылады. 60 келіде Графиева Виктория тайпейлік Ие- Чен-Хуанмен жұдырықтасады.
12: 00-де басталатын жекпе-жектерді ASBC ютуб арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.