54 келіде бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Сымбат Әлиасқар Қытай қызына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Тартысты өткен бәсекеде Вэньцань Сюй төрешілердің шешімімен басым болды. Жекпе-жек қорытындысында 5: 0 есебі тіркелді.
Жалпы жарыстың төртінші күні шаршы алаңға шыққан өзге 4 боксшының асығы алшысынан түсіп, жартылай финалға жол тартты.
Бүгінгі жарыс күнінде 6 боксшымыз жарыс жолына шығады.