• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Желтоқсан, 2024

Еуропаның бұрынғы әділет комиссары ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінді

57 рет
көрсетілді

Бельгия полициясы Еуропаның бұрынғы әділет комиссары Дидье Рейндерстің үйлеріне алаяқтық жасады деген күдікпен тінту жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Le Soir газетіне сілтеме жасап.

Дидье Рейндерс 2007 жылдан 2011 жылға дейін министр ретінде басқарған Ұлттық лотерея ұйымы арқылы бірнеше жыл бойы лотерея билеттерін сатып алған. Ол лотереяға қатысып, алынған, мүмкін «жылыстатылған» ақшаны өзінің жеке шотына салған.

Тінтуге алынған мүліктің бірі Рейндерстің жеке меншігі болған.  Жаңа тергеу бірнеше айдан бері жүргізіліп жатыр. Тергеушілер Рейндерстің Еуропалық комиссиядағы өкілеттік мерзімінің аяқталуын және тінту мен жауап алу үшін иммунитеттің жойылуын күткен.

Айта кетейік, Дидье Рейндерс 2019 жылдан 2024 жылға дейін Әділет комиссары қызметін атқарған. Жетекші саясаткер бұған дейін 1999-2011 жылдар аралығында Бельгияның қаржы министрі болған.

2019 жылы Бельгия полициясы оған қатысты сыбайлас жемқорлық және ақшаны жылыстату айыптары бойынша тергеу жүргізген. Рейндерс өзінің кінәсіздігін алға тартып,  іс ақыры тоқтатылған.