Оқиға 05 Желтоқсан, 2024

Қордайда ветеринария бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды

144 рет
көрсетілді

Қордай аудандық ветеринария бөлімінің басшысы  кабинетінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz HALYQSTAN-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Қордай ауданы ветеринария бөлімінің басшысы сол қолының тамырларын кескен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға жеткізді. 

Ер адамның неліктен өз өмірін қимақ болғаны белгісіз.

Полиция «өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта  тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақты болуына бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Қордай аудандық ІІБ басшылығының бақылауында», деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД.