Қытайдың Гуандун провинциясында теміржол құрылысы алаңында жер опырылып, 13 жұмысшымен байланыс үзілген, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 4 желтоқсан күні сағат 23:00-де Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында болған.
Бейсенбі күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 13 жұмысшымен байланыс үзілгенін растаған.
Қазіргі таңда, оқиға орнында 200-ге жуық құтқарушы мен 48 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнынан Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жіберілген.