Таиландта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлжан Сәрсенбек Вьетнам өкілін сенімді түрде жеңді, деп жазады Egemen.kz.
Жастар арасындағы Әлем чемпионы, 57 келідегі Ұлжан Сәрсенбек Тран Нгуеннен айласын асырды.
Тартысты өткен 1/4 сынында отандасымыз қарсыласын бір рет нокдаунға жіберді. Жекпе-жек барысында Тран Нгуеннен 1 ұпай шегерілді.
Ұлжан Сәрсенбектің жартылай финалдық кездесуі 7 желтоқсанға жоспарланған.