• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағзым 06 Желтоқсан, 2024

Жыр бұлағы – Жиенбай

58 рет
көрсетілді

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыр жүйрігі – Жиенбай жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі өтті. Сыр сүлейлерінің көне сүрлеуін салған жыр жампозының 160 жылдығына арналған кешке өнерсүйер қауым жиналды.

Мәдени кеш бастауында қоғам қайраткері, экономика ғы­лым­дарының докторы, профессор Бақберген Досман­бетов, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева лебіз білдірді. 

Өз заманында әкесі Дүзбенбеттің тәрбиесімен бала Жиенбай жастайынан бағзы өнердің байрағын көтеріпті. Жалпы, Сырда жыраудан отызға тарта мақам қалған деседі. Дәуірлерден өр­негі бұзылмай жеткен дәстүрлі өнерді ерек­ше насихаттайтын топырақта «Көрғұлы» жыры Жиенбай нұсқасымен жырланады. Әйгілі Тұрмағанбет ақын «Есенжан, Жүсіп, Жиенбай, жүйріктері заманның, отарбадай әр жерден, көрінетін бір-ақ бұрқылы…» деп бағалаған жырауды ақын Қуаныш Баймағанбетұлы «Жиенбай жыр дүлдүлі Кетедегі, шәкірт қып көп шайырды жетеле. Баласы Рүстембек о да жүйрік, демейді Жиенбайдан бөтен еді…» деп жырға қосқан.

Жиенбайдан баласы Рүстембекке, Рүс­тембектен ұлдары Көшеней мен Бидасқа жалғасқан бағзы өнер атадан балаға сабақ­тасып келеді.

Жыр додасында Жиенбай жыраудың шығармашылығы насихатталып, «Көр­ғұлы» дастанын ұрпағы Бидас Рүстембеков жырлады.

Мәдени кеште халықаралық, респуб­ликалық байқаулардың лауреаты Байбол Көшеней, Әділхан Қуанбаев, Айгерім Еш­баева өнер көрсетіп, ел ықыласына бөленді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА