• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мереке 06 Желтоқсан, 2024

Елімізде жаңа мерекелер пайда болады

80 рет
көрсетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін  бұйрық жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған және 2024 жылдың 23 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығының жобасында кәсiптiк мерекелердiң тiзбесiн мынадай күндермен толықтыру көзделген:

Қаржы мониторингі органдары күні – 28 қаңтар; Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілде айының бірінші жексенбісі; Теміржол көлігі күні – тамыз айының бірінші жексенбісі; Аспап жасау және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні – 2 қазан; Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі; Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлері күні – 10 қараша; Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні – 13 желтоқсан.

Сонымен қатар, бұл мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілгендіктен Ұлттық баспасөз күні мен Радио күнін бұл тізімнен алып тастау жоспарланып жатыр.

«Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарды тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар көтерді», деп түсіндірді министрлік.

Бұйрық жобасымен сілтеме арқылы танысуға болады.