• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Желтоқсан, 2024

Жыл басынан бері 50 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

79 рет
көрсетілді

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 277 кәсіпорны 18,7 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,5 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 249 ұйғарым берілген. Сонымен қатар 50,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 039 тексеру жүргізді, оның барысында 7 583 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 723; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67. Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.