• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

299 рет
көрсетілді

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақ­­­стан Республикасы Президентінің қарауына: 1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын; 2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын; 3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті             Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сәуір.  №6

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №6

Жарлығына ҚОСЫМША

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның

ҚҰРАМЫ

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы  – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы  – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелері: Бейсембаев Асқар Асанұлы  – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Донақов Талғат Советбекұлы  – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Досаев Ерболат Әскербекұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық  экономика министрі Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Шигео Катсу                – «Назарбаев Университеті» ДББҰ президенті