Жамбыл облысының Жуалы ауданы аумағында («Алматы-Ташкент» тас жолында) түнде жолаушылар автобусы бұзылып, тұрып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан маңайдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған. Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Көбі Ресей азаматтары болып табылатын жолаушылар басқа автобуспен жолын жалғастырып жатыр.