Алматыдағы «Абай» метро станциясында көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт рельске құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», делінген хабарламада.