• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Желтоқсан, 2024

Францияда жүлде бұйырмады

62 рет
көрсетілді

Мәнерлеп сырғанаудан Фран­цияның Гренобль қала­сында Гран-при додасының финалдық сайыстары өтті. Аталған жарысқа еліміздің өкілдері бұ­ған дейін бірде-бір рет қа­тыс­паған еді. Биыл Михаил Шай­доровтың бағы жанып, ол үздік­термен бірге өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Еліміздің ең үздік мә­нерлеп сыр­ға­нау­шы­сы қысқа бағ­дар­ла­мада 91,26 ұпай жиып, үшінші орынға табан тіреді. Ол тек 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2024 жылғы әлем чем­пионы, ISU рейтингінің көш­басшысы, америкалық Илья Ма­линин (105,43 ұпай) мен Бейжің Олимпиадасының күміс (жекелеген есепте), қола (командалық есепте) жүлдегері, дүниежүзілік доданың үш дүркін финалисі, жапониялық Юма Кагиямадан (93,49 ұпай) қалып қойды.

Келесі күні еркін бағдарлама бойынша сайыстар өтті. Өкінішке қарай, шешуші сында Михаил өз деңгейінде өнер көрсете алмады. Бұл жолы біраз қателіктер жіберді. Нәтижесінде, 162,49 ұпайды (қорытынды ұпайы – 253,75) қанағат тұтқан Шайдоров бесінші орында қалып қойды. Десек те жерлестеріміздің осы бәсі бөлек бәсекеге тұңғыш рет қатысып отырғанын ескерсек, осының өзін тәуір көрсеткіш деп бағалаған жөн.

Жарыстың бас жүлдесін Илья Малинин (282,12 ұпай) олжаласа, Юма Кагияма (281,72 ұпай) күміспен күптелді. Ал қола медальды Жапонияның тағы бір сырғанаушысы, әлем чемпионатының қола жүл­дегері Сюн Сато (270,82 ұпай) иеленді.