• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 11 Желтоқсан, 2024

Жақсылық жасағы

59 рет
көрсетілді

Айналасына шапағат-шуағын шашып, өз ынтасымен қоғам дамуына қомақты үлес қосып жүрген еріктілердің қатары көбейгені көңіл қуантады. Алматыда осындай қайырымды азаматтардың басын біріктіретін 30-дан аса ұйым бар десек, еріктілердің саны 50 мыңнан асып жығылады екен.

Жастық жігерін тиім­ді пайдаланып, шарапаты мол шаруа­лар­дың бел ортасын­да жүретін жан­дар­дың арқасында биыл қалада 800-ден аса қайырымдылық жоба­сы қанат қаққан. Бірі қол еңбе­гімен, енді бірі кәсіби білігі арқы­лы қарашаға көмек қолын созған еріктілердің дені – жастар. Мұқтаждарға қам­қорлық танытудан бастап қоршаған орта­ны қорғауға дейінгі әлеуметтік баста­малардың кең ауқымын қам­титын волонтерлік іс-шара­лар­ға қа­ла­ның 200 мыңға тарта жас тұрғыны үн қосқан.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек мегаполис еріктілері шаһардағы түрлі мәселені шешу­ге белсене араласатынын айтады.

«Ерікті болу – жүректің ісі. «Бала­­ның істегені білінбейді» дегендей, өз ынтасымен игі істерге атсалысатын жастар қаламыз­дың игілік жасағы десек, артық болмас. Олардың бірі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытса, кейбірі жалғызілікті зейнеткерлерге арналған пансионаттарда шығармашылық кештер ұйымдастырады, ал енді біреулері жануарларға немесе қор­шаған ортаға көмектеседі. Волон­терлердің бастамасымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру жобалары ұйымдастырылды. Жыл басынан бері маркетинг, қаржылық сауаттылық, мобилография, арт-жур­налистика секілді бірқатар бағыт бойынша сабақтар өтті. Бұған қоса еріктілер қарт адамдарға арнал­ған шығармашылық кештер, бұралқы жануарлармен жұ­мыс, т.б. жобалар өткізді. Сон­дай-ақ еріктілер күші­мен 10 мыңнан аса адамды қам­ты­ған ашық аспан астындағы отан­дық фильм­дердің 40-тан аса көр­се­тілімі ұйым­дас­тырылды», дейді А.Қажденбек.

Жыл басында су басқан ай­мақ­тарға гуманитарлық көмек жіберу кезінде еріктілер ерекше еңбегімен көзге түскен. Зардап шеккендерге арналған 592 тонна заттай көмек жүк көліктеріне еріктілер көмегімен тиеліп, бұл жұмыстарға әскери-инженерлік институттың 100-ден аса курсанты да қатысқан.

Қаланың барлық ауданында жүйелі жұмыс істеп келе жатқан «Тіл­дер саябағы» жобасы – бел­сенді жастардың жемісті еңбегі. Тұр­ғын­дарға тегін тіл оқы­татын үйірмелер күннің салқын­даға­ны­на қарамастан, қаланың ком­му­налдық орталық­тары база­сын­да жұ­мысын жалғас­тырып жатыр.

Қала билігі тарапынан ерікті­лерді оқыту ісіне айрықша мән беріліп отыр. Волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарына жан-жақ­ты қолдау көрсету үшін Жас­тар саясаты басқармасының қол­дауымен Еріктілердің өңірлік фронт-кеңсесі жұмыс істеп келеді. Биыл фронт-кеңсе қабырғасында түрлі бағыттар бойынша 700-ден аса тренинг, шеберлік сағат өткізілген болса, жыл соңына дейін тағы 500 еріктіні оқыту жоспарланған.

Қала тұрғындары арасында волонтерлік қызметті насихат­тау, жастардың әлеуметтік жауап­кер­шілігін арттыруға жәрдемдесу және қаланың дамуына үлес қосатын белсенді волонтерлерді көтермелеу мақсатында «Игі істер марафоны» деп аталған ауқымды жоба өтіп, оның шеңберінде ­10 мың адамды қамтыған 20 іс-шара ұйымдастырылған.

Марафонның негізгі іс-шара­ла­ры­ның қатарында: балалар үйінің тәрбиеленушілерін қол­дау науқаны, экологиялық ше­бер­лік сыныптарын өткізу, жануар­­лар­ға арналған баспана­ларға көмек көрсету және жал­ғыз­­ілікті зей­неткерлерге арнал­ған шы­ғар­ма­шылық кештер ұйым­дас­тыру бар. Сондай-ақ қаланы абат­тандыру челлендждері мен ерік­ті­лер арасында донорлық акция жос­парланған.

«Алматы қаласы – Қазақ­стан­ның ең ірі мегаполисі, елдің эко­но­ми­калық және мәдени өмірінің жүрегі ғана емес, сонымен қатар қуатты еріктілер қозғалысының орта­лығы. Мұнда әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылған мың­да­ған адам­дардың күш-жігері бірік­ті­рілген. Мегаполистің бай әрі сер­­пінді еріктілер қауымдастығы аз қамтылған отбасыларға көмек­тесу­ден бастап қоршаған ортаны қор­ғауға дейінгі түрлі саланы қам­­тиды. Марафонның бас­ты мақ­­саты – еріктілікті насихат­тау, бел­сенділерді қолдау және қала тұр­ғын­дары арасында әлеу­мет­тік жауап­кершілікті дамыту. Ма­ра­фон­ның әрбір жобасы – игі іс жасау­да басы біріккен жан­дар­­дың біз­дің қоғамымыздың дамуына қосқан үлесі мен үлгісі», дейді Алматы қаласы еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы Бағдат Анарбаева.

 

АЛМАТЫ