Мерейтойға орай бүгін Астанада «Жарты ғасыр – жарқын жылдар» атты салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жастар» Сарайы – жас таланттарды қолдауға арналған ерекше мәдени орда, халық пен өнер арасындағы алтын көпір. Жарты ғасыр бойы елорда тұрғындарының сүйікті мекеніне айналған ғимарат өнер мен шығармашылықты дамыту орталығы болып қана қоймай, көптеген елімізге танымал өнерпаздардың алғашқы қадамын жасаған алаң болып есептеледі.
Мерекелік кеште «Астана» эстрада-симфониялық оркестрі, «Терра» би театры, «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі және т.б. әртістер өнер көрсетеді. Сондай-ақ тарихи құжаттар, естеліктер, сарайдың мәдени жетістіктерін көрсететін арнайы көрме ұйымдастырылады.
Өтетін күні: 11 желтоқсан. Уақыты: 18:30. Өтетін орны: Астана қ., Республика даңғылы 34.