Алматы облысы қарқынды дамып, экономика өсіміне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы инвестицияларды тартуды жалғастырып жатыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыс негізгі капиталға салынған инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша оң нәтижелер көрсетті.
2023 жылы Алматы облысына 705,3 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артық (609,1 млрд теңге). Бұл қаражат өнеркәсіп, көлік, байланыс және білім беру сияқты түрлі салалардың дамуына бағытталды. Инвестициялардың негізгі бөлігі өнеркәсіпке (203,5 млрд теңге), көлік пен қоймалауға (179,3 млрд теңге) және білім беру саласына (63,1 млрд теңге) бөлінді. Жалпы алғанда, негізгі капиталға салынған инвестициялар жеке қаражаттан (404,5 млрд теңге) және республикалық пен жергілікті бюджеттерден (122,9 млрд теңге) қаржыландырылды.
2024 жылға арналған инвестициялық жоспар 1 трлн 20 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 677,9 млрд теңге (66,46%) қазірдің өзінде игерілді. Айлық жоспардың орындалу көрсеткіші 123,8%-ды құрағандықтан, облыс инвестиция тарту қарқынын сақтап отыр.
Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту – облыс дамуының басты бағыттарының бірі. 2023 жылы Алматы облысына шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 880,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға артық. 2024 жылы 527 млн АҚШ долларын тарту жоспарланған. Бұл аймаққа шетелдік инвесторлардың қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Облыста жүзеге асырылып жатқан ірі халықаралық жобалардың көшбасында PepsiCo (АҚШ) – Lays чипстерін өндіру жобасы ($200 млн) тұр. Техникалық шарттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті, инфрақұрылым нысандарының құрылысы жалғасып жатыр.
Сондай-ақ Focus Logistics (OZON, Ресеймен бірлескен жоба) – А класындағы қоймалар салу ($151 млн). Нысанның құрылыс жұмыстары, соның ішінде инженерлік жүйелерді орнату аяқталды.
KT&G (Оңтүстік Корея) – темекі өнімдерін өндіру зауыты ($204 млн) да қарқынды жүргізіліп жатыр. Өндірістік нысандардың құрылысы мен аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.
Аймақтың дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі – жаңа жұмыс орындарын құру. Биылғы жылы Алматы облысында 1020 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, қазіргі уақытта оның 66%-ы, яғни 677,9 мың жұмыс орны құрылды. Логистикалық кешендер, зауыттар мен инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы сияқты ірі жобалар арқылы 5000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.
Қазіргі уақытта облысқа 677,9 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 123,8%-ға жоғары. Бұл аймақтың инвестиция тарту қарқынын тұрақты сақтап отырғанын көрсетеді.
Сонымен қатар, Алматы облысы экологиялық таза жобаларды белсенді түрде дамытып келеді. Оның ішінде экотуризмге арналған таулы аймақ кластері ерекше орын алады. Бұл бастамалар аясында туристер мен инвесторларды тартуға қолайлы жағдай жасалып отыр. Шипажайларды біріктіру бойынша арнайы мастер-жоспар әзірленіп, аймақты халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы және экотуризм орталығына айналдыру көзделіп жатыр.
Алматы облысы әртүрлі салаларға инвестициялар тартып, инфрақұрылымды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы тұрақты экономикалық өсуге сенімді түрде қадам басып келеді. Алдағы уақытта шетелдік инвестицияларды тарту, стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асыру және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жұмыстары жалғасатын болады.
Алматы облысы