• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Таным 13 Желтоқсан, 2024

Тұлғалар тағылымы: Бір ұжымда – 36 жыл

38 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы өнеге тұтар аға буын өкілі – Әділ Дүйсенбек.

Ол ҚазМУ-дің соңғы курсында «Со­циалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне кіші әдеби қызметкер болып орналасты. Содан басылымда 36 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі болды. Сонымен бірге қазақ руханиятына «Ақ күмбез», «Жүрек жылуы», «Тергеу əлі біткен жоқ», «Көкжиек», «Қара шаңырақ, «Шерағамның шеруі» атты кітаптарымен олжа салды. Ақиқатты ту еткен қаламгердің өнегелі өмірі кейінгі жас ұрпаққа зор тағылым.

 

Ердің сойы – Ерағаң

Бас басылымды Арқа төсіне бастап келген Ержұман Смайыл «Егемен Қазақстанға» 25 жыл бойы маңдай тері сіңген көрнекті журналист. Ол – Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Айтулы қаламгердің мақалалары қо­ғамдағы қордалы мәселелерді дер кезінде шешіп, ел тәуелсіздігін нығайтуға зор үлес қосты. Жақсылар мен жайсаңдардың жал­ғасы болған ол соңынан ерген жас толқынға қамқорлық көрсетіп, қанаттан­дырды. Сон­дықтан шәкірттерінің бәрі оны «Ердің сойы – Ерағаң» деп құрметпен еске алады.

 

Қоғамшыл қаламгер

«Егеменде» елдік мәселелерді қозға­ған мақалаларымен оқырман­ның ықыласына бөленіп, қоғамдық пікір­дің орнығуына ықпал еткен қаламы жүйрік журналистің бірі Жылқыбай Жағыпарұлы еді.

Жылқыбай Жағыпарұлының байырғы Целиноград облысында қазақ мектептерін ашу ісі мен Ақмолада неміс автономиясын құру мәселесі туындағанда, алмас қылыштай жарқылдап алға шыққаны Арқа қазағына жақсы таныс. Өңірде республикалық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына мұрындық болып, ұйымдастыру комитетінің төрағасы болды. Ол – «Зар-нала», «Кек», «Қалам киесі», «Үміт толқыны», «Ұлт ұясындағы ұлағат» кітаптарының авторы. Ешкімді жатырқамай, жатсынбай, әр қазақты бауырындай сүйген Жылқыбай ағаның арлы аманаты – баршамызға ортақ парыз.