• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика Бүгін, 09:45

Толағайлар олжасы – 2 алтын, 1 күміс

13 рет
көрсетілді

Бахрейннің Манама қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль олжалады.

Нұрғиса Әділетұлы 96 кг салмақ дәрежесінде күш сынасып, қоссайыс қорытындысында 388 кг (174+214) салмақты еңсеріп, алтын медаль еншіледі. Күміс жүлде грузин атлеті Реваз Давитадзенің еншісіне жазылды, ол 387 кг (177+210) салмақты көтерді. Қола медаль 387 кг (173+214) көтерген иран алыбы Әли Әлипурға бұйырды.

Ел қоржынына екінші алтын медальды Артем Антропов салды. 102 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы жұлқи көтеру сынында 170 кг, серпи көтеру сайысында 230 кг зілтемірді көтерді. Қоссайыс қорытындысында 400 кг нәтиже тіркеген саңлақ әлем чемпионы атанды. Күміс медаль 399 кг (174+225) көтерген қатарлық Ибрахим Фарес Эльбахқа бұйырды. 395 кг (183+212) нәтижемен испаниялық Маркос Руиз Веласко әлемдік доданың қола жүлдегері атанды.

81 кг салмақта сынға түскен спорт­шымыз Алексей Чуркинге әлем чем­пионатының күміс жүлдесі бұйырды. Қоссайыс нәтижесінде А.Чуркин 368 кг (164+204) салмақты көтерді. Солтүстік Корея атлеті Ри Чон 371 кг (166+205) салмақты еңсеріп әлем чемпионатының алтынын олжаласа, қола жүлдені өзбекстандық Мұхамедқадір Тош­теміров иеленді. Ол қоссайыста 355 кг (165+190) салмақты көтерді.