Бүгін елорда әкімдігі тыл ардагері, Байқоңыр ауданының тұрғыны Анна Григорьевнаны 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анна Григорьевна 1924 жылы 10 желтоқсанда Ақмола облысы, Жақсы ауданындағы Калинино ауылында дүниеге келген. 2018 жылдан бастап Астанада тұрады.
15 жасынан бастап сауыншы болып жұмыс істеген. Ауыл шаруашылығы саласында көп жылдық еңбегі үшін 17 медальмен марапатталған.
Ардақты ана 50 жасында көпбалалы ана ретінде зейнетке шыққан. Бүгінгі таңда 5 қызы, 16 немересі және 42 шөбересі бар.