Талдықорғанда туысының пәтерін екі рет тонаған күдікті ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны жаз уақытында туыстарының қонаққа кеткенін пайдаланып, пәтеріндегі бағалы бұйымдарын ұрлаған.
Қылмысты тергеу барысында, жәбірленушінің күйеу баласы әйелінің сіңлісі қонаққа келгенде кілттің көшірмесін жасатқан. Басқа күні Талдықорғанға арнайы барып, үйінде жоқ екеніне көз жеткізген соң пәтерге кірген. Ол үйден «Cartier» маркалы алтын әшекейлер мен құнды күзен қалпағын қолды еткен.Ұрланған заттарды ломбардқа өткізгенмен, 810 мың теңге қаржылық шығындарын жаппаған. Сондықтан күдікті екінші рет пәтерге қайта оралып, алтын жүзік, сырғаларды алып шыққан.
«Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны ұстады. Күдікті өз әрекетін материалдық қиындықтарға байланысты жасағанын мойындады. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр», делінген ІІМ хабарламасында.