Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жіренбаев жеңімпаз атанды. Екінші орынды Никита Кривошеев иеленсе, қола жүлдені Артур Смағұлов қанжығасына байлады.
Әйелдер арасында алтын медальді Софья Самоделкина жеңіп алды. Екінші орынды Зере Сарбалина иеленсе, үздік үштікті София Фарафонова түйіндеді.