• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Желтоқсан, 2024

Жаһандық дода: Жас шахматшыларда - 4 медаль

65 рет
көрсетілді

Словенияда жастар арасында рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Жаһандық шахмат төрінде Қазақстан жастары ел беделін асқақтатып, блиц бойынша керемет нәтижеге қол жеткізді: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола. Елназ Қалиахмет (G14) – 16 ұпай (алтын). Даниял Сапенов (O16) – 16½ ұпай (алтын). Амина Қайырбекова (G18) – 16 ұпай (күміс). Мирас Асылов (O16) – 16 ұпай (қола). Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше байрақты бәсекеге 36 елден 320-дан астам жас шахматшы қатысты, олардың арасында 1 гроссмейстер, 4 халықаралық шебер, 54 ФИДЕ шебері бар. Отандастарымыз 22 турлық швейцариялық жүйеде блиц форматында (3+2) тамаша өнер көрсетті. Нәтиже көрсеткен спортшылар: Айару Алтынбек (G14) – 14 ұпай (4-орын). Артём Богданов (O14) – 14 ұпай (11-орын). Иманғали Ахилбай (O16) – 14 ұпай (9-орын). Алихан Хажатулы(О14) - 14 ұпай (12-орын).