Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қар барысының санын қайта қалпына келтіру бойынша 3,6 млн га аумақта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Қазіргі кезде қар барысы мекендейтін жерлердің 70 пайызға жуығы осындай ерекше аумақтармен қорғалған», деді экология министрі Ерлан Нысанбаев.
Министр қар барысын бақылау үшін фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылып жүргенін атап өтті.
«11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды, алдағы уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру жоспарланып отыр. Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден (еск - 80-100 бас) екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті», деді Е.Нұрәліұлы.