• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Биыл зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,2 трлн теңге бөлінді

53 рет
көрсетілді

Республикалық бюджетте 20,8 триллион теңге шығыстар жасалған, бұл ретте әлеуметтік бағытты сақтауға басымдық берілген. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет шығыстары 94 пайызға, республикалық бюджет 96 пайызға, жергілікті бюджет 92 пайызға орындалған.

«Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерін орындады: 5,2 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы; өңірлерге субвенциялар – 4,8 трлн теңге; Міндетті медициналық сақтандыру қорының нысаналы жарнасы 1,6 трлн теңгені құрайды», деді қаржы вице-министрі.

Сондай-ақ жергілікті бюджет шығыстары - 13 трлн. Шығындардың негізгі үлесі әлеуметтік салаға – 6,6 триллион теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 1,9 триллион теңге, көлік және коммуникацияға – 1,2 триллион теңге және ауыл шаруашылығына – 750 миллиард теңге бағытталған.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров осы жылдың қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда айналымы $68,5 млрд, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 23,3 млрд долларды құрағанын хабарлаған еді.