• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Көрме 18 Желтоқсан, 2024

Көрме төрінде – көне дәуір

45 рет
көрсетілді

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы Жезқазған қаласында Ұлытау облысының Тарихи-археологиялық музейімен бірлесіп Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Қазіргі Қазақстан Алтын Орда-ның, яғни Жошы ұлы­­сының мұрагері екені жөнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып келеді. Мем­лекет басшысы Аты­рау қа­ласында өткен Ұлт­тық құрылтайда Жошы ұлы­сының не­гізі қаланға­нына 800 жыл тол­ғанына, оның зор рәміздік мәні әрі Қазақстанның мем­ле­кет­тілік дәстүрінде айрық­ша орны бар екеніне ай­рықша тоқталған болатын. Сондықтан да, ескі мен жа­ңаның, кеше мен бүгіннің байланысын бүгінгі ұрпақ білуі керек.

«Ұлытау» ұлттық та­­рихи-мәдени және та­биғи музей-қорығының аумағында Алтын Орда дә­уіріне жататын 10-нан аса тарихи ескерткіш сақталған. Олардың қатарында Жо­шы хан, Болған ана, Құ­лан ана, Аяққамыр (Құт­лық Темір), Талмас ата, Келінтам кесенелері, Едіге мазары, Алтыншоқы тө­бесі, т.б. бар. Осы тарихи орындардан жинақталған жә­дігерлердің біршамасын көрмеге қойдық», дейді «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Әлібек Күзербаев.

Көрмеге келушілер Жошы хан кесенесінің құб­басын, Сарайшық қала­сынан табылған ыдыс-аяқтарды, ортағасырлық бірегей монеталарды, тарихи кітаптарды, т.б. көре алады.

Әр жәдігер – бір тарих. Айталық, құбба деген не? Мұны екінің бірі біле бермейтіні анық. Құбба деп ислам сәулетінде күмбез немесе төбесі күмбезді болып келетін құрылысты атаған екен. Жошы хан құббасы 1973 жылы табыл­ған. Кезінде кесененің ең биігіне орнатылғанға ұқсайды, бірақ кейін құлап, сынықтары жерге түскен. Экспедиция мүшелері сол сынықтарды құрастырып қалпына келтірген. Сол құб­ба көрмеге келушілердің қызыға қарайтын жәдігер­лерінің біріне айналып тұр.

 

Ұлытау облысы