Спорт 18 Желтоқсан, 2024

Футбол федерациясына басқарушы директор тағайындалды

129 рет
көрсетілді

Аталған қызметке Қайсар Бекенов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 1986 жылы дүниеге келген.

2012-2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) қызмет етті.

2013-2019 жылдар аралығында және 2024 жылдың мамыр айынан бері «Астана» футбол клубында басшылық лауазымда болған.

Қайсар Бекеновтің жетекшілігімен «Астана» бірнеше рет ел чемпионы атанып, Еуропа аренасында жарқын жетістіктерімен көзге түскен.

Соңғы жаңалықтар