• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:20

«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

43 рет
көрсетілді

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарттың бұзушылықтармен жасалғандығы және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденген. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.

«Сотталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.