Бұл туралы облыс әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізге сала кетейік, «Сайран» 2000 жылдардың ортасында жекешелендірілген еді. 2018-2019 жылдары меншік иесі ғимараттың негізгі модернизациясын жүргізген.
«Біз бұл автовокзалды үлкен ішкі көлік хабы ретінде қарастырамыз. Алматы қаласын дамытудың бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарларына сәйкес, автовокзал қоғамдық және іскерлік аймақта, атап айтқанда, көліктік қызмет көрсету нысандары аймағында орналасқандықтан, жолаушыларды тасымалдауға өте ыңғайлы», деді Ерболат Досаев.
Қала басшысы автовокзалды одан әрі қайта жаңғырту және біртұтас кешен құру үшін иелерімен арнайы келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.