2023 жылы отандық «QVM Technology», «Ordabasy Group» және «Ервира» компаниялары грузиялық «Olive Georgia» компаниясымен бірлесіп, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алғашқы 6080 көшет отырғызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көшеттердің 99,7%-ы жақсы өміршеңдік деңгейін көрсетті. Алғашқы өнімді 5 жылдан кейін жинау жоспарланып отыр.
2024 жылдың көктемінде Испания мен Түркиядан әкелінген көшеттер отырғызылды.
2025 жылдың соңына дейін отандық компаниялар 1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.
Жоба аясында ғылыми қолдау көрсету қарастырылған: Испанияның Кордова университетінің профессоры Пабло Мореллоның жетекшілігімен топырақ, климат, метеорологиялық деректерді жинау және талдау жұмыстары жүргізіледі.
«QVM Technology» ЖШС 2030 жылға қарай зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.