• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:10

Ақмола облысында шенеунік ірі сомаға заңсыз тендер өткізбек болған

34 рет
көрсетілді

Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 млн теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, жұмыстарды жасау жерін көрсетпеу, эскизді бекітпеу, сондай-ақ бағаны белгілейтін құжаттамалық негіздемесіз ұсыну (сметалық құжаттаманың болмауы) бұзушылықтары анықтаған.

«Қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды, бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталды, сол арқылы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді», делінген хабарламада.

Орын алған бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.