«Қазгидромет» синоптиктері 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с болады.
«Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с болады», дейді мамандар.
Метеорологтардың болжамына сәйкес, Ақтөбе облысында бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.
Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.