• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 11:47

75 млн теңге пара алған мемқызметкер жазаланды

14 рет
көрсетілді

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері Грузиядан экстрадацияланды. Ол қызмет барысында аса ірі көлемде пара алып, бой тасаламақ болған, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушы 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көліктердің кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алған.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айып дәлелденген. 

Сотталушы мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот оның мүлкін тәркілеп, пара сомасын өндіріп алған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.